Құрбан айт күнделігі: Палуандар қазақ күресінен бақ сынады

Биыл қасиетті Құрбан айт мейрамы облыс көлемінде бұқаралық деңгейде аталып өтті.

Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда айт мерекесіне орай қазақ күресінен палуандар боз кілемде белдесті.

Сайысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облыстық өкілдігі мен «Жәрдем-Атырау» коорпоративтік қоры бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Кәсіби палуандар арасында
1-ші орын – Закаряев Сұңғат (150 000)
2-ші орын – Сапарғалиев Әділет (100 000)
3-ші орын – Багенов Дулат (75 000) иеленді.

Ал әуесқой жамағат арасында өткен тартысты белдесуде
1-ші орын – Аралұлы Арманжан (120 000)
2-ші орын – Ерболат Нұрзат (80 000)
3-ші орын – Шакиев Роллан (60 000) бұйырды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен дипломдар табысталды.

Еске сала кетейік, биыл айт мерекесі облыс көлемінде облыс әкімшілігінің қолдауымен бұқаралық деңгейда аталып өткен болатын.