Атырау қаласының Кеңөзек селолық округіне қарасты «»Мәулімберген мешітінде бірқатар игі істер атқарылуда.
Атап айтқанда, «Дін мен дәстүр орталығы» мен мешіт жанынан медиа студиясы жасақталуда.
Мешіт имамы Мақсот Бағытжановтың айтуынша, ақпарат дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, мешіт жанынан шағын студия жасақтауды жөн көрген.
«Студия толық жабдықталған соң, имам-ұстаздардың дәрістері, ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосып келелі сұхбаттар ұйымдастыруды көздеп отырмыз» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.