Атырауда «Мәулімберген» мешітінде жамағатқа арналған дәрістер жалғасуда

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының тапсырмасымен, қала, аудан, ауыл мешіттерінде имамдар жамағатқа насихат айтуда.

«Мәулімберген» мешітінде «Әт – Тақуа» мешітінің имамы Қанағат Муслимов жамағатқа дәріс жүргізді. Хадистер тақырыбында насихат айтқан ұстаз Қанағат Муслимов әрбір мұсылманның өмірдегі мақсатына тоқталды.

«Әр мұсылманның мақсаты – Алланың сүйікті құлы болу, бастаған ісі берекеге ұласып, табысқа кенелу, қоғамға пайдалы адам болу, балалары үшін мейірімді әке, ата-анасына мейірбан перзент, жарына сүйікті адам болу. Мұны қаламайтын, армандамайтын адам кемде-кем шығар. Алайда сол мақсатқа жету үшін біз қаншалықты күш жұмсаудамыз? Мәселе, біздің мақсатқа жету жолында еңбек етуімізде» деп атап өтті ұстаз Қанағат Муслимов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.