Атырауда мешіт имамы бірқатар кәсіпкерлерге алғыс жариялады

Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев бірқатар азық-түлік дүкені иелеріне алғыс хат табыс етті.

«Спирттік ішімдіктер сатпай, қоғамға үлгі көрсетіп отырған кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Алда қасиетті Рамазан айы келе жатыр. Осы ретте, азық-түлік саудасы саласындағы барлық кәсіпкерлерді бірінші қажеттіліктегі тағам түрлерінің құнын көтермеуге шақырамыз. Және алкогольді ішімдіктерді сатпау арқылы, қоғамды, жастарды тәрбиелеуге жол ашылатынын ұмытпағанымыз жөн» дейді Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.