Мақат ауданының бас имамы пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесті

Дін атын жамылған радикалдық ағымдармен күресті күшейту мақсатында, Мақат аудандық ақпараттық түсіндіру тобы пробация қызметінде есепте тұрған жазасын өтеушілермен кездесті.

  «Зайырлы қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы» тақырыбында өткен шарада Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов  насихат айтты.

Қиындықтарға төтеп беру, сынақтарды қабылдау, мақсат қою тақырыптарында насихат айтқан Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов азаматтар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.


Шара кезінде «ҚР Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы» кодексінің 453, 490 баптарына түсіндірме беріліп, жаднамалар таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.