Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің іс басқарушысы, заңгер Қадырбек Қадыржанұлы іс сапармен Жылыой ауданына барды.
Сапар барысында заңгер Қадырбек Қадыржанұлы Жылыой ауданының имам – молдаларымен кездесіп, мешіт құжаттарының реттілігін тексерді. Және кей мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.
«Кез келген мекеме секілді, мешіттердің де бекітілген құқықтық мәртебесі бар. Құжаттардың реттілігі – мешіттің еш кедергісіз жұмыс істеуіне ықпал етеді» деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің заңгері Қадырбек Қадыржанұлы.
Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысы бойынша мешіттер саны 35-ке толығып отыр.