Атырау қаласында ұйымдастырылған акция бұл жолы 30 отбасын қамтыды.
Акция аясында “Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының” мүшелеріне ет таратылды.
Атап өту керек, қайырымдылық шаралары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы ретте ізгі шаралар облыс мешіттерінде тұрақты жүргізіліп келеді.
Еске сала кетелік, биыл бір ғана Рамазан айында “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырау облысында 2 баспана берілді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.