Атырауда мүфтиятқа қарасты мешіт имамдары тәжірибе алмасуда

Атырау облысына Ұлытау облысы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Мейіржан Әнуарбеков пен Жетісу облысы Ескелді ауданынынң бас имамы Ордыбай Мұхаммед тәжірибе алмасуға келді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы діни басқармасының бастамасына сәйкес, имамдар әр облыста іс-тәжірибе алмасуда.

Жиында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы соңғы жылдары облыс көлемінде атқарылған жұмыстармен таныстырды.

«Киелі Атырау өлкесіне келген сапарларыңыз берекелі болсын. Сіздер бір апта көлемінде облыс мешіттерінде насихат айтып, мешіттердің тынысымен, жамағатымен етене танысатын боласыздар. Бұл тәжірибе алмасу болғандықтан, өз өңірлеріңізде де қолға алатын жобалар туралы да ойларыңызбен бөліссеңіздер болады» деп атап өтті Бас имам.

Алтынбек Ұтысханұлы орталық мешіт жанынан ашылған медиа студия, Қайырымдылық орталығының жұмысымен таныстырды.
Айта кетейік, сапарда жүрген имамдар бір апта бойы қала мешіттерінде намаз жүргізіп, дәріс беретін болады.