Атырауда ұлттық құндылықтар тақырыбына арналған рухани кездесу өтті

Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем – Атырау» қорының теологтары мектеп оқушыларымен кездесті.

Атырау қаласындағы №8 жалпы білім беру мектебінде өткен кездесуде «Дін діңгегі – ұлттық құндылықтар» тақырыбында насихат айтылды.

  • «Қазақ тарихын терең  зерттеу барысында ислам құндылықтары қазақ мәдениетінің ажырамас  бөлшегі  екендігін  көруге болады. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың  санасына  ислам  діні  бейбіт жолмен сіңісті. Ислам философиясын, құндылықтары  мен  өнерін  дамыту  мен  жаңғыртуда  біздің  территориямызды  мекен  еткен  ойшылдар:  Әбу  Насыр әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Яссауи,  Махмұт  Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн сынды тұлғалардың мұраларының  ислам  өркениетінің  асыл  қазынасына айналуы қазақ халқының дүниетанымында исламның рөлі    маңызды  екендігін  көруге болады» деп атап өтті Атырау облысының бас имамы, «Жәрдем – Атырау» қорының теологы Алтынбек Ұтысханұлы.