Атырауда әскерилермен кездесу өтті

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Ерболат Боханов ҚР Ұлттық ұланы 55/46 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен кездесті.

«Отанды қорғау — иманнан» тақырыбында өткен келелі кездесуге сарбаздар мен келісім-шарт қызметкерлері және бөлім мамандары қатысты.

Отан әрбір адамның кіндік қаны тамып, өскен қасиетті мекені. Туған жерінде білім алып, еңбек етіп, қоғамға пайдалы болу ер азаматтың міндеті. Сондай-ақ, отанды қорғау, адал болу асыл дініміздің бұйырған негізгі шарттары болып табылады.

Әр адамның бойында иманы мен рухани жігері мықты болса кез-келген кері күшке төтеп берері сөзсіз. Сол себепті мойнымызда үлкен жауапкершілік барда отанға адал болуымыз керек», – деп атап өтті Ерболат Бағытжанұлы.

Айта кетейік, келелі кездесуге бастамашы болған әскери бөлім тарапы. Кездесу соңында сарбаздар көкейде жүрген сауаладарын жолдап, жауап алды.