Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі кезекті ізгілік шарасын өткізді.
Бұл жолы «Ақниет» мүгедектер қоры мүшелеріне ет таратылды. Қайырымдылық шарасы барлығы 15 отбасын қамтыды.
«Қайырымдылық орталығы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылармен бірге, денсаулығында сырқаты бар, мүмкіндігі шектеулі жандарды, жетім-жесірлерді қамқорлап келеді. Кезекті шарамызды «Ақниет» мүгедектер қоры мүшелеріне арнадық. Ізгілік шаралары жалғасады» дейді ұйымдастырушылар.
Еске сала кетелік, орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.