Атырауда Наурыз құрметіне мешіттер арасында футболдан турнир өтті (+ФОТО, +ВИДЕО)

Футболдан өткен турнирге Атырау қаласындағы барлық мешіттер қатысты.

Тартысты өткен бәсекеде достық жеңді.

«Наурыз – ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Тіршілік атаулы жаңаратын, табиғатпен астасқан мереке құрметіне облыс мешіттері арасында он күндік декаде жарияланған болатын. Яғни, мешіттер әр күнін ізгі істерге арнауда. Осы ретте, спорттық сайыстар – облыстың дін қызметкерлері арасындағы ынтымақты, бірлікті, жолдастық рухты арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Спорттық бәсекеге орталық «Иманғали» мешіті, Атырау қалалық Құспан молла мешіті, Сұлтан Бейбарыс мешіті, Әт-Тақуа мешіті, Атырау селолық мешіті, «Мәулімберген» мешіті, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Жұлдыз мешіті ұжымдарынан құралған командалар қатысты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.