Атырау облысы имамдарына арналған аттестация екі кезең бойынша өтуде. Қазіргі уақытта білікті ұстаз-ғалымдардың алдында облыс бойынша 92 дін қызметкері аттестациядан өтіп жатыр.
Алғашқы кезең тестілеу жүйесі бойынша өткен еді. Тест сұрақтары негізінен ақида, фиһқ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша топтастырылды.
Екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ өтіп жатыр. Бұл кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін саралауда.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауда дін қызметкерлеріне арналған аттестация басталды. Аттестацияның алғашқы күні Атырау қаласы бойынша 50 имам сынақ тапсырып жатыр.
Аудан, ауылдық елдімекендердегі имамдар ертең, яғни, аттестацияның екінші күні сынақ тапсырады.
«Иманғали» орталық мешітінде өтіп жатқан іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров пен ҚМБД төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай және ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы келді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.