Атырауда облыс имамдарының онлайн жиналысы өтті (+ВИДЕО)

amin.kz/ 29 мамыр, 2020 жыл. Қала, аудан имамдарының қатысуымен өткен жиын барысында мешіттердегі санитарлық талаптардың сақталуы, карантин режимін қатаң сақтау және өзге де ішкі мәселелер талқыланды.

«Атырау аумағында карантиндік шектеулердің әлі де болса сақталып отырғаны белгілі. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, карантиндік шаралар 8 маусымға дейін созылып отыр. Сондықтан, мешіттерімізде жекелей, жамағатпен намаз оқуға шектеу сақталуы керек» деп атап өтті жиын барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.