Атырауда облыстық Құран жарыс бәйгесі болып өтті (+ ФОТО)

amin.kz/2 қазан, 2020 жыл. Бүгін Атырауда «Құран – рухтың қуаты» атты жарыс болып өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен облыстық сайысқа барлығы 14 үміткер қатысты. Қатысушыларға Алматыдан арнайы келген ұстаз, қари Ерсін Әміре бастаған қазылар төрағалық етті.

Атырау қаласы және аудандардағы жамағаттың қатысуымен өткен бәсекеде үміткерлер Құранның жиырма парасын, он парасын жатқа айтудан және қасиетті Құранды мәнерлеп оқудан өзара сайысты.

Құранның 20 парасын жатқа айтудан Ізгілік Омар үздік деп танылып, 120 мың теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді.

Құранның 10 парасын жатқа айтудан Дəулет Тəттіғалиев озық шығып, 100 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Үміткер Халим Мұстафа аталмыш номинациядан екінші орынға ие болды.

Ал, Құранды мәнерлеп оқудан, Қадір Есенов, Қамбар Үмбетов, Берік Тілепбергенов үздік шықты. Үздіктерге қаржылай сыйақы табысталды.

Құран жарыстан үздік шыққан Ізгілік Омар республикалық бәсекеде Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.