Атырауда Құспан молла мешітінде 30 отбасыға азық-түлік берілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Әр аптаға – бір жақсылық» бастамасы аясында қайырымдылық акциясын Атырау қалалық Құспан молла мешіті жалғастырып отыр.

Бұл жолы акция аясында «Жусан» операциясымен елге оралғандар және көп балалы отбасылар қамтылды.

«Қайырымдылық бағытындағы шаралар Атырау қаласында және аудандарда апта сайын жалғасын тауып отырады. Қазіргідей күрделі жағдайда бір-бірімізге демеу болуымыз керек» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.