amin.kz/ 31 шілде, 2020 жыл. Бүгін күллі мұсылманға ортақ мереке Құрбан айт басталды.
Биыл атаулы мерекеде жасалатын арнайы рәсімдер өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылуда. Сәйкесінше, құрбандық шалуға тапсырыс беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу үшін Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Бүгінде сайт арқылы 300-ден аса атыраулық құрбан шалуға өтініш беріп үлгерген.
Өтініш берген азаматтардың атынан облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құран оқып, құрбан шалды. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын ұлық мейрамымен құттықтады.
Құрбандық шалу үшін Атырауда 4 мал сою орны ұйымдастырылған. Олардың әр қайсысында арнайы өндірістік бақылаушы ветеринарлық дәрігер қызмет етуде. Сондай-ақ, белгіленген орындарда барлық ветеринарлық іс-шаралардың сапалы, заңға сәйкес өтуі мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторлардың бақылауында.
Айта кетейік, Qurban2020.kz сайты арқылы өтініш беру 1 тамызға дейін жалғасады.