Атырауда орталық мешіт жанынандағы оқырмандар клубы мүшелері сынақ тапсырды

Атырауда облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған оқырмандар клубы кітап оқу сайысының екінші кезеңін қорытындылады.

Екінші кезеңде шәкірттер «Саңлақ сахабалар» кітабы бойынша емтихан тапсырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Наркес Боханов шәкірттерге сәттілік тіледі.

«Кітап – рухани қазына, кітап оқыған сайын білімге деген адамның құлшынысы артады. Ең бастысы, білім адамның болашағына салынған басты инвестиция» деп атап өтті ұстаз Наркес Боханов.

Оқырмандар арасындағы сайыстың үшінші кезеңі бойынша сынақ Қазақстан тарихы бойынша жазылған «Тұлғалар өміріндегі ислам» еңбегінен өтеді.

Еске сала кетелік, Атырауда орталық мешіт жанынан бірнеше жылдан бері оқырмандар клубы жұмыс істеп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.