Сарайшық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданындағы Хан Ордалы Сараишық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж шаңырақтарға арналған акция бірнеше отбасын қамтыды.

Сарайшық мешітінің имамы Жайлыбек Кенжеалиев мұқтаж шаңырақтардың үйлеріне барып, бірінші қажеттіліктегі азық – түлік пакеттерін табыс етті.

«Халқымызда алғыс алу деген керемет сөз бар. Осындай ізгі шараларымыз арқылы мұқтаж жандардың алғысы қоғамды жақсылыққа үндейді. Жақсылық жасауда жарысайық» дейді Сарайшық мешітінің имамы Жайлыбек Кенжеалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.