Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде қайырымдылық шарасы жалғасуда

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтіп, 10 мұқтаж отбасына ет таратылды.

Қайырымдылық шарасы осылайша, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды.

«Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы арқылы, адамгершілік қасиеттерді нығайта түсеміз» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, Сұлтан Бейбарыс мешіті бірнеше жыл бұрын «Аяттан – амалға» жобасын іске қосты. Аталмыш жоба аясында түрлі ізгі амалдар жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында қайырымдылық шаралары да бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.