Атырауда орталық мешіт жылды қорытындылады (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен 2022 жылдың қорытынды жиыны өтті.

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі бағыт бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, сын – ескертпелердің орнын толтыру жөнінде тапсырмалар берілді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды төралқа жиынында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Атырау облысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндадым. Биылғы жылды Аллаға шүкір, жақсы нәтижемен аяқтап отырмыз. Десек те, кейбір кемшін тұстарымыз да бар.

Жүйелі түрде жұмыла жұмыс жасасақ жақсы нәтижелерге жетеріміз анық. Ең бастысы, біздің мақсатымыз – Алланың разылығы үшін екенін ұмытпауымыз керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиында 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныстар айтылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі