Атырау облысында Айт намазына 21 мыңнан астам адам жиналды (+ФОТО, ВИДЕО)

Атырауда Құрбан айт мерекесіне орай, Айт намазы таңғы 6.30-да оқылды.

Ұлық мереке құрметіне орай, бір ғана «Иманғали» облыстық мешітіне намазға 3000-ға жуық адам жиналды. Облыс бойынша мешіттерге 21 мыңнан астам Айт намазына жығылды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты Құрбан айтпен құттықтады.

«Раббымызға жақындаудағы ең ұнамды амал, бұл күні намаз оқу, шамасы жеткен адамның құрбан шалуы. Қамқорлық, жақсылық, ізгілік сияқты керемет қасиеттерді топтастырып тұрған Құрбан айт мерекесінде үлкен ғибрат жатыр» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбан айт құрметіне мерекелік шаралар сағат 10.00-де басталады.

Құрбан айт биыл Атырауда ауқымды сипатта атап өтілуде.

Еске сала кетсек, Атырау қаласы бойынша, мал сатылып, құрбандық шалуға негізгі орындар белгіленді.

«Адал»,
«Асыл агро»,
«Тума базар»,
«Атырау ет орталығы»,
«ИП Қуаныш» нүктелерінде әрі мал сатып алып, әрі құрбан шалуға мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, белгіленген мал сататын орындар: «Көкарна», «Сарықамыс», «Атырау – Доссор» тас жолы.