Атырауда орталық мешітте 30 шәкірт Құран оқып бастады (+ ФОТО)

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер Құранға түсіп, ілімдерін кеңейте бастады.

Жас шәкірттерге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы салтанатты жағдайда Құран табыс етті.

Алла Тағала «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі  тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

 «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен» деп атап өтті Бас имам.