Атырауда 40 шәкірт Құранға түсті

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері небары үш ай ішінде ислам негіздері туралы білім алып, енді Құран оқи бастады.

Шәкірттерді ерекше қадамдарымен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтады.

«Үш айдың ішінде шәкірттер «Құран әліппесін» меңгеріп , «Құран ережелері», тәджуид ілімін оқыды» дейді шәкірттердің ұстазы Саламат Иманғалиев.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы шәкірттерге қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.

«Алла Тағала: «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер», – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед  (ﷺ):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатыны туралы Айша (р.а.) анамыздан келген риуаят бар» деген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жастарды білім алып, елге қызмет етуге шақырды.