Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ет таратылды. 35 адамды қамтыған іс-шара аясында мұқтаж шаңырақтарға сынаққа сынбау тақырыбында насихат айтылды.
Еске сала кетсек, қайырымдылық бағытында өткен жылы облыс мешіттерінде 1167 іс-шара өтті. 91 853 адамды қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» сынды атаулы қайырымдылық акциялары бар.