Атырауда орталық мешітте 50-ге жуық отбасына қайырымдылық көрсетілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетілді.

Жағдайы төмен 6 отбасына кілем табысталды. Сонымен бірге, мұқтаж шаңырақтарға киім-кешек тарытылды. Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, жетім-жесір аналарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтыды.

«Исламда мұқтаждарға көмек беру – сауап.

Алла жұмыр басты пендесін кедейлікпен де, байлықпен де сынайды ғой. Қолымызда бар дүние, алдымен Жаратқан берген несібеден, содан кейін ғана еңбегімізбен біткені анық.

Қиналып жүрген бауырларымызға демеу болуға аманат деп те қарауымыз қажет» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.