Жылыойда жамағат арасында интеллектуалды сайыс өтті

Жылыой ауданында ауданға қарасты 7 мешіттің жамағат арасында интеллектуалды білім сайысы өтті. Зияткерлік сайысқа 200-ге жуық адам қатысты.

Интеллектуалдық сайыста Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдебиет, дін мен дәстүр бағыттарында сауалдар қойылып, жамағаттың интеллектуалдық деңгейі сарапқа салынды. Сайыс нәтижесі бойынша,
1-орынды «Тұрғызба» мешіті командасы
2-орынды «Майкөмген» мешіті командасы
3-орынды «Жылыой мешіті жамағаттары» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командалар қаржылай сертификатпен, Алғыс хатпен марапатталды.

«Сайыс жоғары деңгейде өтті. Интеллектуалдық сайыстың міндеті – жамағаттың бірлігін арттыру» дейді Жылыой мешітінің наиб имамы Думан Балықшиев .