Атырауда орталық мешітте 50 отбасына киім-кешек таратылды

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде кезекті ізгілік шарасы өтті.

Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына киім-кешектер үлестірілді. Балаларға және ересектерге арналған киімдер, маусымдық аяқ киімдерді келушілер қажеттіліктеріне қарай таңдап алды.

Еске сала кетсек, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Жалпы, өткен жылы облыс мешіттерінде 1167 қайырымдылық шарасы өтті.

Барлығы 91 853 адамды қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол» сынды республикалық акциялар бар.

Бұған дейін Атырау облысы мешіттері өткен жылы 12 мұқтаж отбасына баспана сыйлағанын хабарлаған болатынбыз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.