Атырауда орталық мешітте көп балалы отбасыларға қамқорлық көрсетілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде 25 отбасына ет таратылды.

Қайырымдылық акциясы бұл жолы көп балалы шаңырақтарды қамтыды.

Орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі ұйымдастырған ізгілік шарасына «Отбасы күніне» орайластырылды.

«Отбасы – шағын мемлекет. «Әке – асқар тау,  ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген тамаша сөз бар. Сіздер ұрпақ тәрбиелеу арқылы, еліміздің ертеңіне үлес қосып отырсыздар. Саналы ұрпақтарымыз көп болғай» деді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.