Жылыой ауданында имамдар марапатталды

Жылыой ауданында имамдар Рамазан айын қорытындылады.

Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Рамазан айы кезінде белсене еңбек еткен бірқатар имамдар мен молдаларды марапаттады.

Одан әрі жиында мешіттердің жазғы маусым кезіндегі жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. «Жазғы демалыс маусымы кезінде балаларға сауат ашу лагерін ұйымдастыруымыз қажет. Және мүфтият бекіткен 7 жұмыс бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Соның ішінде, ағартушылық, кадр мәселесіне көбірек назар аудару керек» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.