Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі кезекті ізгілік шарасын өткізді.
Шара аясында көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бірге, «Шапағат» оңалту орталығы жанынан көмек көрсетіліп отырған отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел адамдарға ет берілді.
Барлығы 35 адам қамтылған қайырымдылық іс-шарасы алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Мұндай шаралардың бір айда бірнеше рет ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.