Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінде ізгілік шаралары жалғасуда.

Ақпан айында Қайырымдылық мекемесі 70 мұқтаж отбасын етпен қамтыды. Қамқорлыққа мұқтаж отбасылардың қатарында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедектік жағдайы бар адамдар бар.

«Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде», – дейді халқымыз.

Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:

«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.