Атырауда орталық мешіттің таһаратханасы жөнделді

Орталық «Иманғали» мешітінің таһаратханасы күрделі жөндеуден өтті.

Заманауи үлгіде қайта жасақталған таһаратхана бір мезетте 25-30 адамға қызмет көрсете алады.

Мешітке келушілер үшін таһаратхананың ролі зор екендігін атап өткеніміз жөн.

Еске сала кетелік, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының тапсырмасымен қала, аудан, ауылдық елдімекендердегі мешіттердің бірнеше таһаратханалары күрделі жөндеуден өтті.