Атырауда орталық мешіттің төсеніш кілемдері жаңартылды

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің кілемдері жаңартылды.

Кілемдерді жаңартуға «Сисиси» компаниясы демеушілік етті.

«Қасиетті Рамазан қарсаңында бұл мешітіміз үшін жақсы жаңалық болып отыр. Мешіт – құлшылық орны, көпшілік ордасы. Осындайда, мешітіміздің іші-сыртының әсем болып тұруына атсалысып отырған демеушілерге Алла разы болсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.