Игі шара қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылды.
Жомарт жандардың қолдауымен өткен қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды, жалғыз ілікті адамдарды қамтыды.
Әрқайсысы 30 келіден асатын Рамазан қоржындарына бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынды.
«Рамазан – мейірім айы. Қасиетті айда атқаратын әр амалдың сауабы еселенеді. Рамазанда сауапты амалдар жасауға асығайық» дейді ұйымдастырушылар.