Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Ауыр сырқатқа шалдыққан анаға мешіт жамағатының қолдауымен көмек көрсетілді. 150 мың теңге көлеміндегі қаражат сырқат анаға жеткізілді.
«Мешітімізге түрлі жағдайға түскен адамдар көмек сұрап келіп жатады. Бұл жолы біз ауыр сырқатқа шалдыққан адамның дәрі-дәрмегіне көмектесіп отырмыз. Мешіт – үлкен тәрбиенің ошағы, адамгершілік бастауы» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.