Атырауда ҚМДБ-ның халал сертификатын алған кәсіпорындармен кездесу өтті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал даму» ЖШС халал стандарт сертификатын алған мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде халал өнімдердің нарықтағы сұранысы және халал сертифактын берудегі негізгі заңдылықтар мәселесі талқыланды.

«Өздеріңіз білетіндей, тұтынушылардың халал өнімдерге сұранысы артып келеді. Халықтың сұранысына сай таза, әрі халал өнім жеткізу сіз бен біздің басты міндетіміз. Сондықтан, бұл іске жауапкершілік керек» – деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай ақ, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бірнеше кәсіпорындарға халал сертификатын табыстады.

Олардың қатарында Атырау қаласы, И. Тайманов көшесі, 48, блок Н-да  орналасқан  «SALAM BRO»  фаст-фуд өнімдері орталығы, Амандосов көшесі, 40 мекен-жайында  орналасқан « Zauresh tattileri » кондитерлік өнімдері дүкені және Геолог ықшам ауданы, Төле би 24, Қ.Сатпаев көшесі, 15Г мекен-жайында де орналасқан  » Shoq doner» жылдам тамақтану желісі орталығына ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің сертификатын табыстады.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі бір жыл.