Атырауда Құран хатым дұғасы жасалды

Қадір түнінде Атырау мешіттерінде Құран хатым дұғасы жасалды.

Қадір түнінде облыстық мешіт 3000-нан астам адам жиналды.

Бұл түні түрлі тақырыптарда уағыз-насихат, сұрақ-жауап форматында шаралар өтті.

Қасиетті Қадір түнінде құлшылық сәресіне дейін жалғасты.

Сағат 20.35-21.45 аралығында «Атырау» телеарнасымен тікелей эфирде бағдарлама көрсетілді.

21.45-21.55 аралығында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қадір түнінің маңызы туралы насихат айтты.

21.56-23.10 аралығында Тарауық намазы оқылды. Әрі қарай сұрақ-жауап, тасбих намазы, өзге де тақырыптарда насихат айтылды.