Қадір түні «Атырау» телеарнасы арқылы тікелей эфирде хабар тарады

Атырауда Қадір түні құрметіне «Атырау» телеарнасында тікелей эфирде арнайы хабар таратты.

Тікелей эфир барысында Қадір түнінің қасиеті туралы насихаттар айтылып, орталық мешітте өтіп жатқан іс-шаралар туралы арнайы репортаж көрсетілді.

Орталық мешіт бойынша 3000-нан астам адамды жинаған Қадір түні рухани ізгі шараларға толы болды.