Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIII республикалық сайысының Атырауда облыстық кезеңі аяқталып, жеңімпаздар марапатталды.
Сайыс Құран оқумен басталып, облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы батасын беріп, қариларға сәттілік тіледі.
«Аллаға шүкір жыл сайын қариларымыздың қатары көбейіп келеді. Биыл Құранды толық жаттаған үш қаримыздың қатысуы қуантарлық жайт. Сондай-ақ, мешіттеріміздің жанынан ашылған Құран жаттау орталықтарында да жас қариларымыз шыңдалып келеді,-деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Сайыс қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан жүлделі үшінші орынды Қамбар Есенов, екінші орынды Жазылбек Ақылбекұлы, бірінші орынды Айбек Аманғалиұлы еншіледі.
10-пара бойынша үшінші жүлде Мұрат Асадуллаға бұйырды. Екінші орынды Ахмад Амангелдіұлы, бірінші орынды Жанарыс Тимурұлы жеңіп алды.
20-пара бойынша үшінші орын Қаби Абдулла, екінші орын Дәулет Нұрашұлы, бірінші орын Айқын Ақылбекұлына бұйырды.
Құранды толық жаттау, яғни 30-пара бойынша үшінші орынды Ғалымжан Жұмажанұлы иеленді Екінші орынды Нұрислам Ахметжанұлы қанжығалады. Ал Рахымжан Ержанұлы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Осылайша жүлделі бірінші орын иегерлері республикалық сайысқа жолдама алды.
Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер мен дипломдар табысталды.
Еске сала кетсек, облыстық Құран
сайысы Альберт Қынатұлының рухына арналды.