Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанындағы «Діни сауат ашу және құран жаттау орталығының» шәкірттері емтихан тапсырып, жазғы демалысқа шықты.
Қорытынды емтихан Ақида, Фиһқ, Көркем оқу, Хифз, Хитобат, Сарф, Наху пәндері бойынша өтті. Емтиханды облыстық «Иманғали» мешітінің ұстаздары қадағалады.
Қорытында емтиханды қадағалаған комисся төрағасы Арман Исаев діни сауат ашу және құран жаттау орталығы ашылғаннан бері дәріс алып келе жатқан шәкірттердің жан-жақты сауаттанып қалғанын айтады. Ал орталықтың жауапты ұстазы Олжас Скаков шәкірттер емтиханнан соң бір ай тәжірибе алуға облыс мешіттеріне қызметке жіберілетінін атап өтті.
Қазіргі таңда аталған лрталықтан 12 шәкірт қорытынды емтихан тапсырып сәтті өтті.
Айта кететін жайт жазғы сауат ашу курстары орталықта жалғасады. Ниет білдіруші жандар ұстаздарға хабарласуға болады.