Жаңа Қаратон мешітінде қайырымдылық шарасы жыл бойы жалғасуда

Жылыой ауданына қарасты Нұрқас Сатыбалды мешітінің имамы Жалғас Рейимов 10 отбасыға жыл бойы үздіксіз ай сайын азық-түлікпен қамқорлық жасап келеді.

«Қайырымдылық шарасы жақсылыққа жаны құмар ізгі жандардың көмегімен жүзеге асуда. Бұл бағыттағы шаралар жалғасады» дейді Нұрқас Сатыбалды мешітінің имамы Жалғас Рейимов.