amin.kz/ 23 шілде, 2020 жыл. Атырауда құрбан айтқа дайындық мәселесі пысықталды. Аймақтың Бас имамы Алтынбек Ұытсханұлының төрағалығымен өткен жиынға қала имамдары офлайн, аудан имамдары онлайн режимде қатысты.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрбан айт мерекесі кезінде қатаң карантиндік талаптар сақталуы тиіс екендігін ескертті.
«Айт кезінде құрбандық шалынады. Мешіттер құрбан малының етін мұқтаж отбасыларға тарату мәселесімен айналысуы керек. Індет жағдайында барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасы бар. Қосымша мәселелер тағы да хабарланады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін Құрбан айт мерекесінің 31 шілдеге белгіленгенін хабарлаған болатынбыз.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.