Атырауда қажылар қауымдастығы құрбандық шалды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 22 шілде, 2020 жыл.  Атырауда қажылар қауымдастығы ел амандығы үшін сиыр малын құрбандыққа шалды.

«Әлемде сонымен бірге, елімізде қалыптасқан қазіргі жағдай кім-кімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Осы құрбандықты шалу арқылы, Алладан еліміздегі індеттің тез арада кетіп қалуын тілейміз. Ауырып жатқан бауырларымыздың деніне саулық беріп, отбасымен қауышқай. Осы індеттің салдарынан өмірден өтіп кеткен барша жандардың иманын жолдас еткей» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбан малының еті әдеттегідей әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Бұл жолы мұқтаж 30 отбасы қамтылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.