Атырауда Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қала имамдарын жинап, мәжіліс өткізді. Аудан, ауыл имамдары онлайн форматта қатысқан жиында Құрбан айтқа дайындық мәселесі талқыланды.

«Ең алдымен, базарларда мал бағасының негізсіз өсуіне жол берілмеуі керек. Сондықтан, кәсіпкерлермен арада түсінік жұмыстарын күшейту қажет. Мал сою пункттерінде санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Құрбан айт кезінде мұқтаж жандар үшін көбірек қайырымдылық шараларын өткізу басты назарда» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.