Құрбан айт мейрамының жақын қалуына байланысты, Атырауда Құрбан айт мейрамын өткізуге байланысты, жұмысшы тобы құрылды.
Атырау облысы дін басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, жергілікті полиция департаменті, санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау бақылау департаменті өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы Атырау қаласындағы мал базарларын аралады. Ондағы ахуалмен танысып, бірқатар кемшіліктерді түзетуге байланысты тапсырмалар берді.
Құрбан айт мерекесі биыл Атырауда бұқаралық сипатта аталып өтеді деп күтілуде. Орталық «Исатай – Махамбет» алаңында киіз үйлер тігіледі, облыс бойынша 10 мың балаға айттық сыйлықтар тапсырылады деп жоспарланып отыр.