Атырауда Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж санатындағы 20 шаңыраққа бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері тапсырылды.

Әрқайсысы 25 келі болатын азық-түлік пакеттерін отбасыларға Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров табыс етті.

«Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.

Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырды», деп баяндалады. Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағыты болып қала береді» дейді Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.