Атырау қалалық Құспан молла мешітінің ұйымдастыруымен қарттарға құрмет көрсетілді.
Рухани шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, үлкендерге ізгі тілегін білдірді.
«Қазақ халқы үлкенге әрқашан құрмет көрсеткен. Құрмет бір күнммен немесе бір аймен шектелмейді. Әр күн жасы үлкенге қамқорлық пен мейірім таныту шариғатымызда айтылған басты мақсат. Сондықтан, біз қазыналы қарттарымызды әрқашан мешіт тарапы назардан тыс қалдырмаймыз. Жағдайы төмен, жалғызбасты қарияларға көмек көрсетіп келеміз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетсек, қазан айы қарттарға құрмет айы болғандықтан, Атырау мешіттерінде арнайы қайырымдылық шаралары жүргізілуде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.