Атырауға сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әйел-қыздар секторының» меңгерушісі Динара Құтқожақызы қыз-келіншектер жамағатына арналған рухани демалыс кешіне қатысты.
Кеш аясында «Әйел-қыздар секторының» Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Сайынқызының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында Алланың 99 көркем есімін айтудан сайыс өтті.
Сондай ақ, ұстаз Динара Құтқожақызы әйел адамның отбасындағы, қоғамдағы ролі туралы насихат айтты.