Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құранға түскен шәкірттерді құттықтады.
Орталық «Иманғали» мешіті жанынан қызмет көрсетіп жатқан Сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттер ұстаз Саламат Иманғалиевтен дәріс алған еді. Енді қасиетті Рамазан қарсаңында шәкірттер Құранға түсіп, Құран оқитын деңгейге жетіп отыр.
«Құран оқу, үйренудің екі дүниеде де сауабы мол. Құран – нұр, өмірдің мәні. Баршаңызға Алла разы болсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Шара аясында барлық шәкірттерге Құран кітабы сыйға берілді.